«Медеу» мұз айдыны басшылығының мәліметінше, қазіргі уақытта ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
«Достар! Бүгін біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді. "Медеу" мұз айдыны" өз есігін 15 қараша күні айқара ашады.
Қазіргі кезде біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз!
Нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйыла бастады», - деп жазды желіде «Медеу» мұз айдының баспасөз қызметі.
Еске саласақ, әлеуметтік желіде Медеуде жауған қардың видеолары пайда болған еді.
Сондай-ақ қүлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленген болатын.