«Медеу» мұз айдынында жаппай сырғанау уақытша тоқтатылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 31 қаңтардан 5 ақпанға дейін Медеу мұз айдынында жаппай сырғанау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медеу әкімшілігінің ресми сайтында жариялаған ақпаратта жаппай сырғанау тек 6 ақпаннан басталатындығы көрсетілген.

Айта кету керек, 2-3 ақпан күндері Медеуде мұз айдынындағы мотожарыстан әлем чемпионаты өтеді. Соған дайындыққа байланысты бүгін және ертең бұл кешен жабық болады. Ал артынша, 4 және 5 ақпанда мұз айдыны жаппай сырғанауға қайта дайындалады.

Авторы: Еламан Тұрысбеков