Медеу әкімшілігінің ресми сайтында жариялаған ақпаратта жаппай сырғанау тек 6 ақпаннан басталатындығы көрсетілген.
Айта кету керек, 2-3 ақпан күндері Медеуде мұз айдынындағы мотожарыстан әлем чемпионаты өтеді. Соған дайындыққа байланысты бүгін және ертең бұл кешен жабық болады. Ал артынша, 4 және 5 ақпанда мұз айдыны жаппай сырғанауға қайта дайындалады.
Авторы: Еламан Тұрысбеков