АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Медеу» мұз айдынының маңындағы паркингіде операторды ауыстыру жұмыстары жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қараша мен 5 желтоқсан аралығында паркингіде ескі жабдықтарды заманауи жабдықтарға ауыстыру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде. Осыған байланысты қазіргі уақытта паркинг аумағында тұрақ ақысы алынбайды.
«2022 жылдың 5 желтоқсанынан бастап жабдықтар ауысқан соң, тұрақтың құны өзгерместен паркинг өз жұмысын штаттық режимде қайта бастайды»,-деп хабарлады «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.