Алматыда құны 17 млрд теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды

АСТАНА.KAZINFORM — Қадағалау қызметі шеңберінде жалпы ауданы 288 га болатын 2 жер телімдері жеке меншікке заңсыз берілгендігі анықталды.

Фото: Kazinform

Даулы жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алуға жатпайды.

Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.

Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 17 млрд теңгеден астам даулы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Айта кетелік Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.