Аталған шара аясында ағымдағы жылдың 27 маусымында болған дауылдың салдарынан құлаған ағаш, бұталарды жинау жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізде болса, 17 мамырда болған дауылдың салдарынан Іле Алатауы ұлттық саябағы аумағында 480 га жердегі орман алқабы зардап шегіп, көлемі 97 мың текше метр ағаш бүлінген болатын. Қала аумағында 4144 ағаш құлаған.
Өткен аптада қаланың Алатау ауданының тұрғындары осы «Медеу» шатқалын тазартуға бастама көтеріп, сенбілік жұмыстарын жүргізген еді. Оған 1800 адам қатысып, 100-ге тарта техника тартылған болатын.
Бүгінгі сенбілік жұмыстарына да аудандық әкімдіктер, «Алматы қаласының құтқару қызметі» КМК, «Алматы тазалық» КМК, «Тәртіп» АҚ және басқа да ұйымдар жұмылдырылуда, сонымен бірге, тазалау жұмыстарына Б.Момышұлы атындағы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты полктың әскерилері қатысып жатыр.