Медеу саябағын құлаған ағаштан тазарту жұмысы аяқталуға жақын - Ербол Шорманов

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат -  Медеу саябағы аумағын қатты боран кезінде құлаған  100 мың ағаштан  тазарту аяқталуға тақады. Оны Алматы қаласы  әкімінің орынбасары Ербол Шорманов бүгін бұқаралық ақпарат құралдарымен болған кездесу кезінде мәлімдеді.

«Қалалық әкімдікке қарасты Медеу саябағы аумағындағы құлаған ағаштар қазір тұрғындарға тегін берілуде. Алғашқы кезде оны сатуды жоспарлаған едік.  Енді тазарту жұмысын жеделдету мақсатында осындай шешім қабылданып отыр. Құрамына  Медеу саябағы кіретін Іле Алатауы табиғат паркіндегі  тазарту жұмысы әлі толық қарқынмен жүргізіліп жатқан жоқ. Бұған қатысты біз Ауыл шаруашлығына жылдам шешім қабылдау жөнінде әрдайым хат жолдап жатырмыз. Себебі құраған ағаш қалдығы өрт қаупін арттыруда», - Е. Шорманов. Оның айтуынша,  Іле Алатауы паркі Ауыл шаруашылығы министрлігіне  қарайды. Жақын арада республикалық бюджетті нақтылау жұмысынан кейін құлаған ағаштарды қосымша тағы тазалау үшін арнайы  қаржы қарастырылмақ. Сондай-ақ құзырлы министрлік биыл онда 4,5 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

Алматыда 100 мың ағаш қирады.