Кеңес барысында «Медеу» шатқалында қатты желдің салдарынан зардап шеккен ормандарды қалпына келтіру жұмыстары мен эрозияға қарсы іс-шаралардың жобасы талқыланды. Жобаның мақсаты Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи қорығының табиғи кешендерін қалпына келтіру болып табылады. Былтырғы 17 мамырда болған оқиғалардың салдарыннан «Медеу» шатқалында жел мен дауыл құлатқан ағаш көлемі 96 мың текшеметр болды.
Үстіміздегі жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша 45 га алқапта жел құлатқан 16 мың текшеметр сүрек жиналды. Іле Алатауы Мемлекеттік ұлттық табиғат паркінде жел құлатқан ағаштарды тазарту жұмыстарына 198 адам және ағаш дайындау техникасының 61 бірлігі жұмылдырылған. Сонымен бірге, Іле Алатауы паркінде өткен жылы болған дауылдың зардаптарын жою мақсатында ормандарды қалпына келтірудің жұмыс жобасын әзірлеу жөнінде «Казгипролесхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен арнайы шарт жасалды.
Жобаға сәйкес, аймақта биіктік белдеуіне, топырақ ерекшеліктеріне, тау беткейлерінің қолжетімділігі мен қиялығына, қалпына келтіру тәсіліне байланысты жаңадан отырғызу үшін шыршаның, қайыңның, шетеннің және бұталардың ірі және ұсақ көшеттерін пайдалану жоспарланып отыр. Ағаш отырғызылатын жердің жалпы көлемі 200 гектарды құрайды, оның ішінде 10 га жерге көшеттер отырғызылады.
Сондай-ақ, ормандардың табиғи жаңаруына жәрдемдесуге арналған іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Жалпы алғанда табиғат кешендерін қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 20 млн. теңге мөлшерінде қаражат көзделген. Қалпына келтіру іс-шаралары 2012-2014 жылдары жүргізіледі. Ағаш отырғызу жұмыстарын желсұлатпасынан кейін тазарту аяқталған учаскелерде 2012 жылдың сәуір-мамыр айларында басталады.