25 қазан күні аталған жол бойындағы құздар тастан тазартылады. Соған байланысты жол жабық болады.
«Жолаушылар мен туристердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында 109 қызметі «Медеу-Шымбұлақ» тас жолының аса қауіпті тұстарын тастан тазалайды. Сонымен қатар, тас көшкінін ұстап тұратын бөгеттер жөнделеді», - деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау курорты - Алматының ең көрнекті орындары. Мұнда жылына 530 мың адам серуендеуге келеді.