Медеуде алып тастар таудан төмен қарай құлады

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

Медеуде алып тастар таудан төмен қарай құлады, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Медеу-Шымбұлақ жолында құлаған жартастарды алып тастау үшін автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелгені туралы хабарлаған болатын.

Еске салайық, «Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы 15 қараша күні ашылады. Қазіргі уақытта ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.