АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы «Медеу» спорт кешенінен Шымбұлаққа экотакси мен автобустар қашан жүретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылықтар әлеуметтік желіде Медеуден «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына жету қиынға соққанын айтып, шағымданды.
Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына қатынау карантинге байланысты тоқтатылған.
«Эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына бару шектеулі болды. Жақында аталған бағыт бойынша электротаксилер жүретін болады. Ал жаңа электр автобустары қыркүйек айынан бастап қатынайды», - деп жауап берді басқармадан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.