«Медиация» орталығы Мемлекет басшысы өкілеттігін ұзартуды және «Нұр Отан» ХДП бастамасын қолдайтындықтарын жария етті
Бүгін Алматыда «Медиация» біріккен медиация және бітімгерлік орталығы Елбасы өкілеттігін ұзартуды және «Нұр Отан» ХДП бастамасын қолдайтындықтарын жариялады.
«Елбасының Қазақстанды дамыту жолындағы еңбегі ерен. Мысалы өз саламыз бойынша айтсақ, 2009 жылы дауларды сотқа дейін шешудің Елбасы Қазақстанда медиатация және бітімгерлік түрлерін енгізуді ұсынды. Нәтижесінде 2 күн бұрын Медиация туралы заңды Парламент қабылдап, Президенттің қол қоюына жіберді. Қазақстан бұнымен ТМД елдері ішіндегі бұл заңды қабылдауға ықылас танытқан үшінші ел. Бұл біздің Елбасының Қазақстанда демократияның дамуына ықыласы жоғары екендігінің көрінісі. Сондықтан біз «Нұр Отан» ХДП -ның Елбасы өкілеттігін ұзарту бағытында демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясына қосылуды, Елбасы өкілеттігін ұзартуды қолдайтынымызды мәлімдейміз. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамуының, тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі деп есептеміз»,- деді Қазақстанның тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская.