Шара барысында «Медиация» Медиация және бітімгершіліктің бірыңғай орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығы» қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған шараның мақсаты медиация туралы заңды қолдану барысында туындайтын проблемаларды талқылау әрі медиация туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырушылардың айтуынша, медиаторлар ұйымдарының мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңға дейін шамамен 380 медиация амалдары жүргізілген. Олардың басым бөлігі азаматтық дау-дамайға қатысты болса, тек 6-ауы ғана қылмыстық іспен байланысты болды. Барлық медиацияның 85 пайыздан астамында бітімгершілік туралы келісімге қол жеткізілді.
Дегенмен қазіргі қолданыстағы заңнаманың медиаторларды оқыту бөлігінде жетілдіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өйткені оларға білім берумен айналысатын білікті мамандар тым аз. Медиаторлардың дайындық сапасы бақыланбайды. Ал бұл олар көрсететін қызмет сапасына теріс ықпал етеді.