«Екі жылға жуық уақыт бұрын Қазақстанда «Медиация туралы» Заң өз күшіне енген болатын. Алайда мамандардың көптен күткен бұл заңы қоғамнан кең қолдау тауып кеткен жоқ. Оған ақпараттық-насихат жұмысының кемшіл түсуі түрткі болды», - дейді Ж.Жақыпов. Оның айтуынша, әлемнің бірқатар елдері алдымен пилоттық жобаны жүзеге асырып, оның нәтижесінен кейін ғана заңды қабылдады. Ал Қазақстанда медиация туралы заң қабылданған соң ғана БҰҰ Даму бағдарламасының бастамасымен және ҚР Жоғарғы сотының қолдауымен «Сот медиациясы» пилоттық жобасын жүзеге асыра бастады. 3 айлық бұл жоба наурыз айында аяқталады. Қазіргі таңда оны жүзеге асырушы Халықаралық құқық қорғау орталығы Әуезов аудандық сотының ғимаратынан берілген кабинетте, онда дауласып келген адамдарға тегін медиация өткізуде Бұл модель бұған дейін Словения мен Беларусь елдерінде және осыған ұқсас бір жоба Ресейде жүзеге асырылған болатын.
16:59, 01 Ақпан 2013
Медиация туралы заңның қабылданғанына 2 жылдың жүзі болғанмен қоғам мүшелерінің одан мағлұматы әлі аз
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Сот медиациясы туралы пилоттық жоба өз нәтижесін бере бастады. Бұл туралы Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жанділдә Жақыпов бүгін Алматыда өтіп жатқан «Сот медиациясы - Қазақстанда медиация институтын дамытудың қажетті шарты» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтты.