«2020 жылы физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтар - Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа тағайындалды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Яғни, 1989 жылы олар бұл вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анықтаған. Вирусты ашу инфекцияны анықтайтын тест жүйесы мен дәрі жасауға мүмкіндік берді, миллиондаған адамның өмірін аман алып қалдық«, - делінген сыйлықты тағайындау туралы мәлімдемеде.
Еске сала кетсек, биыл Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты рәсім Стокгольм мэриясынан трансляцияланады. Оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін.
Марапаттар жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері арқылы табысталады.