Медицина қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар кейінге қалдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі Абай облысындағы өрт оқиғасына байланысты «DENI SAU ULT» Ұлттық медициналық саммитінің өткізілуін және жыл сайынғы «ALTYN SHIPAGER» Ұлттық медициналық жүлдесінің тапсырылуын кейінге қалдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей орманы өртін сөндіру 2 бағытта жүргізіліп жатқанын баяндады.