Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, бүгінде аталған тауардың 90 пайызы шетелден жеткізілетін болса, қалған 10 пайызы Қазақстанда жасалуда.
«Жақында отандық өнім өндірушілердің қатысуымен өткен кеңесте біз осы мәселені талқылап, алдағы күзгі тұмаудың белең алар шағы - қазан-қараша айларына дейін медициналық маскалардың 70 пайызын өзімізде шығаруды ұйғардық. Ал тамыз айынан бастап «Химфарм» АҚ «Оксолин» майын шығаратын болады», - дейді Ж.Досқалиев.