тергеу оқшаулағыштарында және әлеуметтік-медицина ұжымдарында 31 сайлау комиссиясы құрылды. Бұл туралы бүгін 2012 жылдың 15-ші қаңтары күні өтетін сайлауға дайындық мәселелеріне арналған учаскелік, аймақтық және аудандық сайлау комиссиясы өкілдерімен болған семинар-кеңес барысында Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Еркетаев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, сайлау науқанында елордада 3 аудандық сайлау комиссиясы жұмыс істемек. Сонымен қатар 25 аймақтық, 233 учаскелік сайлау комиссиялары болады.
Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Мәжілістің кезектен тыс сайлауы мен мәслихаттың кезекті сайлауына 2 мыңға жуық сайлау комиссиясының мүшелері тартылатындығын мәлім етті.