Баспасөз қызметінің мәліметінше, қайта құрылымдау тұрып қалған төсек-орындар санын азайтуға және барынша талап етілетін төсектерге деген қажеттілікті ұлғайтуға мүмкіндік берді. 9 айдың қорытындысы бойынша 2 мың 128 төсек-орын қысқартылып, 1 мың 954-і қайта бейінделді, талап етілмейтін төсек-орындардың саны 18,5 пайыздан 6 пайызға дейін қысқарды.
«2010 жылы ғылыми зерттеу институттары, ғылыми орталықтар мен республикалық клиникалар 43 жаңа халықаралық технологияларды енгізді және республиканың өңірлеріне 37 трансфертті жүзеге асырды. Қазіргі таңда өңірлер нейрохирургия, кардиохирургия, отоларингология, травматология, онкология, ЭКО бойынша қызметтер ұсынады», делінген таратылған хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, республика өңірлері стационарды алмастыратын технологияларды дамыту бойынша қарқын алды. 2010 жылғы қыркүйектің 1-інен бастап республика станционарларына кардиологиялық, неврологиялық, травматологиялық патологиялары бар 28,5 мыңнан астам пациент, оның ішінде 34 пайызы ауылдық жердегі пациенттер, үшін қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту бойынша 2 млрд. теңге сомасына қызметтер енгізілді. Түпкілікті нәтижелерге қарай медицина қызметкерлеріне сараланған ақы төлеу жүйесі енгізіліп, ол оң нәтижелер бере бастады.
«Азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдауға құқықтарын іске асыруда елде шілденің 1-інен бастап Жоспарлы емдеуге жатқызу порталы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Жоспарлы емдеуге жатқызу бюросына 396,7 мың жолдама тіркелген, оның 35,1 пайызы ауыл тұрғындары болып табылады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада жүргізілген реформа денсаулық сақтау саласындағы еңбектің өнімділігін арттыруға ықпал еткені, бұл түпкілікті нәтижелелер - халық денсаулығының көрсеткіштерінде оң көрсетілгені айтылған.