Медициналық пойыздар шалғай стансалардағы 6 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Денсаулық» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының дәрігерлері Қарағанды, Маңғыстау облыстарының 30-дан астам стансаларын барды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Компанияның корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаевтың айтуынша, тұрғындары тегін жоғары дәрежелі білікті медициналық қызметті алды. Оның ішінде кәсіби дәрігерлік көмек көрсетіліп, қиындық туғызатын сырқаттарға  жақын маңдағы медициналық орынға жолдама берілгені.

«Денсаулық» пойызының дәрігерлері Бейнеу станциясының тұрғындарымен бірге осы өңірдегі әскери бөлімшедегілердің де денсаулығын да тексерген.  

Пойыз сапарға шыққалы бері Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының 6,5 мың адамын тексеруден өткізген. Жалпы дәрігерлер 31 мың адамды қарады. 33 мыңнан астам диагностикалық бақылау жасалса, 133 амбулаториялық шағын оташылық қызметі көрсетілді. Тұрғындарға тіс дәрігерлерінің жәрдемі көрсетілді.

Айта кетерлігі, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағандыдан 11 сәуірде сапарға шыққан болатын. Ол биылғы қарашаның 6-сына дейін еліміздің орталық, солтүстік, шығыс өңірлерін қамтиды.

Алматы-1 стансасынан  18 сәуірде сапарға шыққан «Денсаулық» пойызы Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлеріне қызмет көрсетеді. Бұл пойыз құрамы биылғы желтоқсанның 20-сына дейін жүретін болады.