Оның айтуынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 8 қазанға дейін 549,8 млрд теңге төленген. «Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 70 пайызын құрайды», - деді Б.Жақселекова.
Тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 785,8 млрд теңге.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.
Естеріңізге сала кетсек, Қор бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 1379 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 627-сі - жекеменшік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 166-ға көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 120,2 млрд теңгені құрады.