«Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір жыл толды. Өткен жылдың 1 шілдесі мен биылғы жылдың 1 шілдесіне дейінгі аралықта түскен жарнаның жалпы сомасы 80,6 млрд теңгеге жетті. Жарналар мен аударымдар барлығы 5 млн 952 мың адамның атына аударылған», - деді Елена Бахмутова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қор табыс пен шығынды теңгерімді пайдалану принципі бойынша жұмыс істейді.
«Қазіргі таңда қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің операторы. Қазір республикалық бюджеттен аталған көмекке бөлінген қаражатты мемлекеттік тапсырыс алған медицина ұйымдары арасында бөліске салып отыр. Биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне 924 млрд теңге бөлінген», - деді Е.Бахмутова.