Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Қорға түскен қаражаттың 140,5 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары. Ал қалған 8,7 млрд теңге (5,8% жуығы) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
«Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген» делінген баспасөз баянында.