Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқаудың негізгі мақсаты - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бағыттарын жүзеге асыру туралы жергілікті халықты кеңінен хабардар ету, азаматтарды халықты жұмыспен қамту белсенді шараларына қатыстыру, МӘМС-ті енгізу мен ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің негізгі артықшылықтары, сонымен қатар, аталған жаңалықтарға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру.
Байқауға мерзімді басылымдарда немесе интернет ресурстарында, телеарна және радиода ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында жарық көрген БАҚ материалдары қатыса алады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздары 3 номинация бойынша анықталады: «ҚР-дағы МӘМС-ті енгізу бойынша үздік жарияланым», «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үздік жарияланым», «ҚР-дағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту бойынша үздік жарияланым».
Байқау қорытындысы 2016 жылғы 15 желтоқсанға дейін анықталады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталады.