Медициналық сақтандыру жүйесінің мәнісін жіті түсіндірмеген өңірлер аталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тәртібін халыққа жіті түсіндірмеген өңір әкімдіктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міндеттіәлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарының деңгейі қатыстыайтарым: Атырау, Ақмола, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қалаларында халыққатүсіндіру жұмыстары бойынша көрсеткіштер төмендеп кетті. Осыған байланысты жергіліктіатқарушы органдардан, әкімдіктерден бұл жұмысты күшейтуді сұраймыз. Уақыт азқалды. Жылдың соңына дейін халық МӘМС жүйесінің мәнісін білуі тиіс», - дедіАйбатыр Жұмағұлов елордада өткен жиында.

Хабарланыпотырғандай, ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбеоблыстары мен Шымкент қаласының көрсеткіштері едәуір жақсарған.

Айта кетерлігі,Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жүйесі іске қосылады.

Еске сала кетсек,осыдан біршама уақыт бұрын Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысындаміндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің қыр-сырын халыққа тереңтүсіндіруді тапсырған болатын.

«Денсаулық сақтаужүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде.Сақтандыруды тиімді түрде енгізу үшін 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысындапилоттық жоба іске қосылады. Осыған байланысты біріншіден, Денсаулық сақтауминистрлігіне осы жобаны іске қосуды, барлық медициналық ұйымдарды қамтамасызетуді тапсырамын. Бұл тәжірибені барлық өңірлерге тарату және келесі жылданбастап медициналық сақтандыру толық іске қосылған кезде ескеру қажет.Екіншіден, барлық өңірлерді әкімдеріне қазан айына дейін міндеттіәлеуметтік-медициналық сақтандыру жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз етудітапсырамыз», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.


Соңғы жаңалықтар