«Қазіргі уақытта Қор кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында медициналық көмекті сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Биыл келісімшарт бекітілген жеткізушілер амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетіп жатыр», - деді Міндетті медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Аталған қордың хабарлауынша, халыққа тегін медициналық көмек көрсететін 1390 ұйымның 43 проценті, яғни 602-сі жекеменшік емханалар. 2017 жылмен салыстырғанда, биыл емханалар саны 183-ке артқан.
Мамандардың пікірінше, мұндай үрдіс инфрақұрылым мен мамандар тапшылығы мәселесін шешуге және бәсекелестікті арттыру арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізеді.