деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, осы тендер шеңберінде онкологиялық және туберкулезге қарсы ұйымдарды, ана мен баланың денсаулығын сақтау, босандыру және қан қызметтерін, бастапқы медициналық- санитарлық көмек және санитарлық авиация ұйымдарын, қалалық және облыстық ауруханаларды жарақтандыру үшін жалпы сомасы 11,7 млрд. теңгеге медициналық жабдық, медициналық мақсаттағы бұйымдар және мамандандырылған автокөліктер сатып алу жоспарланған.
«Тиісті денсаулық сақтау объектілерін жарақтандыру туу көрсеткіштерін арттыруға, әлеуметтік елеулі аурулардан болған өлім-жітімді азайтуға, көрсетілетін медициналық көмектің жеделдігін және тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық- техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осы тендерде 88 лот бойынша 44 әлеуетті өнім беруші қатысты, олардың біліктілік және өзге де талаптары бойынша бұдан кейінгі шараларына 35 әлеуетті өнім берушіге рұқсат етілген. Жалпы сомасы 9,6 млрд.теңгені құрайтын 70 лот бойынша тендер өтті деп танылды, бұл ретте тапсырушылармен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасқан соң бюджет қаражатының күтілетін үнемделуі 248,1 млн.теңгені құрайды», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 3 ақпандағы № 64 қаулысына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі медициналық техниканы, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және мамандандырылған автокөлікті мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің бірынғай ұйымдастырушысы болып белгіленген.