«Медициналық мамандықтар бойынша психометриялық емтихан тапсыру рәсімі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен регламенттеледі», - деді Тамара Дүйсенова жауабында.
Оның атап өтуінше, психометриялық емтиханның негізгі мақсаты – аналитикалық қабілеттерін, тез әрекет ету және мәселелерді шешу қабілетін бағалау.
«Бүгінгі таңда университеттердің академиялық саясатына сәйкес талапкерлердің өз қалауы бойынша оны онлайн және офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Болашақ медицина қызметкері ретінде талапкердің жеке басының моральдық-этикалық және жеке психологиялық қасиеттерін бағалау мақсатында психометриялық емтихан тапсыру рәсімі орынды деп пайымдаймыз», - деді министр.