Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған Reuters агенттігі оқиға орын алған уақытта қонақүй қажыға келген адамдарға лық толы болғанын атап өтуде. Қаза болған 15 адамның бәрі мысырлықтар. Өрт тоқтың қысқа мерзімге тұйықталып қалуынан тұтанған. Өрт сөндірушілер жалындаған отпен 2 сағат арпалысты.
04:40, 09 Ақпан 2014
Мединада болған өрттен 15 қажы қаза болды, 130 адамды күйік шалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясы Медина қаласындағы қонақүйде болған өрттен кем дегенде 15 адам қаза болды, 130 адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК.