Биылғы бірінші жартыжылдықта ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне 14 364 өтініш түскен, бұл – өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға артық. Өтініштердің басым бөлігі медициналық көмектің сапасы мен ұйымдастырылуына, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты болды. Өсім деңгейі бойынша өзге мәселелер (98%) мен басқа органдардың құзыретіндегі сұрақтар (61%) көш бастаған.
Сарапшылардың айтуынша, түсініспеушіліктер мен мәселелерді ерте кезеңде анықтауға науқастардың алғашқы өтініштерін жүйелі түрде талдау арқылы қол жеткізуге болады.
Осы бағытта отандық цифрлық нарықта айтарлықтай табысқа жеткен «Синтегра» қазақстандық IT-компаниясы 10 жылдан астам уақыттан бері CallBox жүйесін сәтті дамытып келеді.
Бұл - жай ғана қоңырау қабылдау құралы емес, заманауи технологиялардың жиынтығы. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйе келесідей маңызды функцияларды атқарады:
- Қоңырауларды мәтінге айналдыру: Әрбір сөйлесуді автоматты түрде жазбаша форматқа көшіреді.
- Мазмұнды терең талдау: Науқастардың айтқан сөздері мен өтініштерінің мән-жайын саралайды.
- Тақырыптық жіктеу: Өтініштерді мәселенің сипатына қарай (жазылу, қызмет сапасы, дәрі-дәрмек және т.б.) топтастырады.
- Орындалуын бақылау: Әрбір өтініштің шешілу процесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, клиника немесе аурухана басшылығы пациенттерді жиі мазалайтын өзекті мәселелерді нақты уақыт режимінде көріп, қай бағытқа бірінші кезекте назар аудару керектігін дер кезінде анықтай алады.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 200-ден астам медициналық ұйым осы жүйені қолданады. Осы жылдар ішінде пациенттерді қолдау қызметтері жүйе арқылы 600 мыңнан астам өтінішті өңдеген.