Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялауды жалғастырып келеді. Жаңа шешімдер медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, дәрігерлерге жүктемені азайтуға және саладағы бақылауды күшейтуге бағытталған.
Мед️ицина қызметкерлерінің жүктемесі 30-40%-ға төмендеді
Бірыңғай цифрлық контурда 21,3 мыңнан астам медициналық ұйым, 275 мың медицина қызметкері және 141 мың медициналық техника туралы деректер жинақталған. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы деректерді қолмен енгізуді азайтуға мүмкіндік берді.
Денсаулық сақтаудағы мемлекеттік қызметтердің 88% электронды түрде көрсетіледі
2025 жылы 215 млн-нан астам мемлекеттік қызметтің 190,8 млн-ы электрондық форматта ұсынылды. 8,5 млн-нан астам электрондық медициналық анықтама берілді, 5,6 млн адам дәрігерге онлайн-жазылуды пайдаланды.
11 млн-нан аса әйелдер мен балалар денсаулықтың цифрлық мониторингімен қамтылған
Цифрлық бақылау жүйесінде шамамен 7 миллион бала мен 4,3 миллион әйел бар. Динамикалық бақылауға тағы 3,6 млн пациент енгізілді.
Цифрлық таңбалау заңсыз саудадағы 21 мыңнан астам дәрі-дәрмекті анықтауға көмектесті
Таңбалау кодтары препараттардың қалдықтары мен қозғалысын онлайн бақылауға, олардың қозғалысын қадағалауға, ауытқуларды анықтауға және заңсыз есептен шығарудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Цифрлық бақылау 10,6 млрд теңге болатын негізсіз медициналық қызметтердің алдын алуға жәрдемдесті
Цифрлық сәйкестендіру 1 950 медициналық ұйымда енгізілді, қабылдаулардың 73%-ға жуығы Face ID және электрондық құжаттарды пайдалана отырып өтеді.
1,9 мыңнан аса медициналық ұйым Бірыңғай мемлекеттік жүйеде біріктіріледі
Келесі кезең — дәрігерлер мен AI-ассистент үшін бірыңғай жұмыс интерфейсі бар бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске қосу. Денсаулық сақтауды цифрландыру жекелеген сервистерден деректерге негізделген бірыңғай басқару жүйесіне көшеді. Медициналық көмек алудың барлық кезеңдерінде пациентті сүйемелдейтін шешімдерді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтады және қызметтерді азаматтар үшін ыңғайлы етеді.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу бойынша жаңа қағидаларды бекітті.