«Отандық өндірушілердің медициналық техникасын сатып алу үшін «ҚазМедТех» АҚ базасында қаржылық лизинг механизмін қайта енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, отандық фармацевтикалық өнімдердің бәсекелестігін арттыру үшін құрамында спирті бар өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын этил спиртіне қосымша акциз төлеуден босату көзделіп отыр. Айта кету керек, қазір қосымша акциз құнын төлеу салдарынан өнімдердің өзіндік бағасы ұлғайып, бәсекелестікке кері әсері тиіп жатыр», - деді ол.
Министрдің айтуынша, жергілікті заттармен қамту үлесі неғұрлым жоғары отандық өндірушілерге жеңілдік қарастыру қажет.
«Ал ұзақ мерзімді шарттардың уақытын өндірістің тереңдігіне қарай белгілеуді ұсынамыз», - деді Ақмарал Әлназарова.