«2019 жылдың қыркүйегінен бастап 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда байланыс орталығына азаматтардан 37 мыңнан астам жолданымдар келіп түсті, олардың 97%-ы кеңес алу, 3%-ы - шағымдар сипатында болды», - дейді Айбатыр Жұмағұлов.
Ол қазіргі уақытта Қазақстан халқының 90%-нан астамы, яғни 17 млн адам МӘМС қатысушылары екенін айтты.
«Оның ішінде 11 млн-ға жуық азамат жеңілдік берілген 15 санатқа кіреді. Олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады. 2020 жылдың қаңтар айында МӘМС үшін жарна және аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге аударылды. Ең көп жарна - 24 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет есебінен түсті»,- дейді ол.