Мыналар, Мемлекет басшысының 2016 жылғы 22 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес, қарастырылады:
- Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалар ӘМСҚ-ға төлейтін жарналарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап аударады;
- халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына мемлекеттен төленетін жарналар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылады;
Көрсетілген медициналық көмек үшін берілетін төлемдер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде ӘМСҚ-дан 2018 жылғы 1 қаңтардан төленеді. Яғни, ҚР азаматтары мен оралмандардың медициналық көмек алу құқықтары МӘМС жүйесінде 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 16 қарашада Мемлекет басшысымен қол қойылған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, жалдамалы қызметкерлер ӘМСҚ-ға төлейтін жарналарын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап аударады.