Медведев ІІМ-нің бірқатар жоғары шенді қызметкерлерін лауазымынан босатты

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Ресей президенті Дмитрий Медведев «Ресей Федерациясы ішкі істер органдары қызметкерлерін лауазымынан босату туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлықта Татарстан Республикасы бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары - қоғамдық қауіпсіздік милициясының бастығы, милиции генерал-майоры Давлетшин Евгений Закирович;

Челябі облысы бойынша Ішкі істер бас басқармасы бастығының орынбасары - қоғамдық қауіпсіздік милициясының бастығы, милиции генерал-майоры Доксов Вячеслав Георгиевич лауазымынан босатылсын делінген.

Бұлардан өзге де бірқатар жоғары шенді қызметкерлер лауазымынан босатылды.