Медведев Калашниковқа Ресейдің Батыры атағын берді

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев сейсенбі күні аса көрнекті конструктор-қару жасаушы Михаил Калашниковты Кремльде қабылдады

және оған жоғары мемлекеттік награда - Ресейдің Батыры жұлдызын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.