Медведев пен Путин екеуі бірдей демалысқа шығады

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Ресейдің бірінші басшылары Дмитрий Медведев пен Владимир Путин келесі аптада екеуі бірдей жазғы демалысқа шығады,

деп хабарлайды Yтро.ru.

Президент дәстүр бойынша жұбайы мен ұлын алып, Сочидегі «Бочаров ручей» резиденциясына жол тартады, деп жазады «Комсомольская правда». Оның айтуынша, тек өз Отаныңда ғана жақсы демалуға болады және бұл ұстанымнан ешқашан алыстаған емес. Президент қызметіндегі алғашқы жазғы демалысын ол отбасымен бірге Волга бойымен сапарда өткізген болатын. Ал қалған демалысын Сочиде немесе Астраханьда балық аулаумен өткізеді.

Владимир Путин де өзінің «Ривьера» резиденциясында Сочиде демалатын көрінеді. Медведевке қарағанда ол демалысқа отбасын емес, өзінің сүйікті иті лабрадор Кониді немесе жақында Болгария премьері сыйлаған жаңа күшігі Баффиді алып бармақ.