Бұл туралы ол Сколководағы баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады РБК.
«Біздің үкімет бұл мәселені еңсеру үшін бар жігерін салуда», - деген РФ Президенті «дегенмен, барлық жігер, тіпті үкіметтің де, ойлаған нәтиже бере бермейтінін» ескертті.
Д.Медведев бензин бағасының қымбаттауы әлдебір «бәтуаластықтың» салдары болу мүмкіндігін де жоққа шығармады. «Солай болуы мүмкін. Дегенмен, мұны әлемдік нарықтағы заңды үрдіс деп қарастырғанымыз жөн»,- деп қосты Ресей Федерациясының басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей үкіметі ел өңірлеріндегі қалыптасқан күрделі жағдайларға байланысты 2011 жылдың 1 мамырынан бастап бензин экспортына уақытша тыйым салған болатын. Ал 2011 жылдың 1 маусымынан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы тоннасына 453,7 доллардан 462,1 долларға дейін жоғарыламақ.