Медведев ресми сапармен Моңғолияға барады

МӘСКЕУ. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - РФ Президенті Дмитрий Медведев ресми сапармен 2009 жылғы тамыздың 25-і мен 26-сы аралығында моңғолдық көшбасшы Цахиагийнун Элбэгдорждың шақыруымен Моңғолияға барады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Сапар барысында Ресей Федерациясының президенті Халхин-Гол өзеніндегі жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік іс-шараға қатысады.