Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауады.
Астанада алдағы үш күнде жауын-шашын жауады. Жексенбі күні ауа температурасының айтарлықтай төмендейтіні болжанып отыр.
8 мамыр күні күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 23 25°C болады. 9 мамырда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы 21 23°C. Ал 10 мамыр күні күн күрт суытады. Температура күндіз небәрі 10 12°C болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с дейін күшейеді.
Алматыда жұма күні аптап ыстық болғанымен, демалыс күндері жауын басталады. 8 мамырда жауын-шашынсыз, өте ыстық ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны 31 33°C көрсетеді. 9 мамыр күні күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура 28 30°C дейін жетеді. Ал 10 мамырда жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 20 22°C дейін төмендейді.
Шымкентте демалыстың алғашқы күні аптап ыстық болады. Бірақ жексенбіде күн салқындайды. 8 мамыр күні ашық ауа райы сақталады. Күндіз 33 35°C ыстық болады. Ал 9 мамырда күндіз өткінші жаңбыр жауып, желдің екпіні 20 м/с жетеді. Температура 28 30°C болады. 10 мамыр күні жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз күн салқындап, ауа температурасы 20 22°C жетеді.
Синоптиктердің болжамынша, Қарағанды облысында мамыр айы әдеттегіден жылы, алайды құбылмалы болады. Алдағы апталарда температура күрт ауытқып, найзағай ойнап, екпінді жел соғып, кей күндері түнде үсік жүруі мүмкін.