«Меги» тайфуны Шығыс Қытай жағалауын жайпап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Меги» тайфуны Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясына жетті. Синьхуа агенттігі хабарлағандай, негізінен табиғи апаттан Цюаньчжоу қаласы зардап шекті.

Тайфун ошағындағы желдің жылдамдығы сағатына 118,8 км жетті. Метеорологтар  «Меги» оңтүстіктегі Гуандун провинциясына да жетуі мүмкін деп отыр.

Бұған дейін апаттан Тайвань аралы жапа шеккен болатын. Онда ең кемі 4 адам қаза тапты, тағы 329 жарақаттанды.