Естеріңізге сала кетейік, Игуала қаласында елде ұстаздық жұмысқа орналасу мәселесінде сыйбайлас жемқорлықтың өршіп кеткеніне наразылық білдірген 43 студент өткен жылдың қыркүйегінде із-түзсіз жоғалып кеткен. Оларды соңғы рет сақшылар әкетіп бара жатқан жерінен көрген.
Болжам бойынша, оларды қылмыстық топтармен байланысы бар полицейлер есірткі бизнесімен айналысатын бандалық топқа берген. Кейін студенттер солардың қолынан қаза болған.