Онда жанкүйерлер Оңтүстік Африка Республикасында өтетін футболдан әлем чемпионатының матчтарын тамашалай алады. Көлемі 8-де 6 метрлік және 4,5 тоннадан асатын орасан зор таңғажайып құрылғыны орнату жұмыстары бейсенбі күні аяқталмақ.
Жұма күні, маусымның 11-інде Мехикодағы орталық алаңда экран алдына 120 мыңнан астам адам жиналмақ. Тікелей эфирде олар мундиальдің ашылуы мен матчтарды тамашалайды, онда Мексика мен ОАР командалары сайысқа түседі.