Мехикода Головкинге WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігі ресми табыс етілді
02:50, 10 Шілде 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Геннадий Головкин Мехикода Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігін қабылдап алды, деп хабарлайды Sports.kz халықаралық спорт ұйымының туиттердегі парақшасына сілтеме жасай отырып.
Головкин мексикалық Сауль Альварес жекпе-жектен бас тартқан соң WBC белдігіне ие болды. Канело промоутері Оскар де ла Хойя сұхбатында бұл оның спортшысы Головкинге қарсы шықпайды дегенді білдірмейтіндігін мәлім етті. Кейінірек Головкин - Канело кездесуі 2017 жылы қыркүйекке белгіленді.