Соңғы мәлімет бойынша, зардап шеккендер саны – 70 адам. Олардың көбі ауруханаға жеткізілген. Бірнеше адам ауыр халде жатыр.
Оқиға дүйсенбі күні, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22-де метроның 12-ші желісіндегі «Оливос» және «Тесонко» стансаларының арасында болған. Көпірдің астында көлік жолы орналасқан. Пойыз құрамының екі вагоны мен эстакаданың бір бөлігі көпір астындағы жолмен өткен көліктердің үстіне құлады.
Қазіргі кезде құтқару операциясы аяқталды.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Эстакада көліктің бірі көпір тіреуінің соққаннан құлаған деп хабарланып отыр. Сондай-ақ, метрополитеннің бұл желісінің құрылысы кезінде көптеген кемшілікке жол берілгені белгілі болды.