Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
30 мамыр күні Қызылорда қаласында орналасқан «Мұнай-Логистик» ЖШС ҚІІБ-на қатынас қағаз түсірген. Арызда түнгі уақытта белгісіз біреулердің мекеме қоймасының терезесін сындыру арқылы ішке еніп, құны 455 мың теңге тұратын 1 дана «Митеш-380 В» дәнекерлеу аппаратын, арнайы қораптағы 150 мың теңге тұратын 1 дана «Линкольн 220 В» қол дәнекерлеу аппаратын, құны 7500 теңге тұратын 10 блок электродты, 52 мың теңге тұратын «Ягуар» балық аулайтын қармақтарын және 10 литрден 15 блокта тұрған автокөлік майын ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Іздестіру нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды. Қазір күдіктілер ҚІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамалып, тексеру амалдары жүргізілуде.