деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі Сауд баспасөзіне сілтеме жасап.
Үш жағынан Мина тауы қоршап тұрған қасиетті Ислам астанасынан бес шақырым жерде қажылықтың негізгі рәсімдерін өтеу басталды. Ақшаңқан шатыр қалашығында 40 мың отқа жанбайтын шатырлар орнатылған, ертең зиярат етушілер Арафат тауында болып, Аллаһқа құлшылық жасайды.
Аумағы 650 гектар шатырлы қалашықта зиярат етушілер үшін барлық жағдай жасалған. Онда дүкендер, асханалар, шаштараздар, санитарлық торап, медициналық қызмет көрсету орындары, мамандандырылған госпиталь көзделген. Құлшылық етушілердің арнайы бағыттар бойынша жүріп-тұруы бейнекамералармен бақыланады. Қажылық рәсімін атқаратын жерде қоғамдық тәртіпті 100 000-ға тарта полицей қамтамасыз етуде.
Исламның бесінші парызын өтеуге кедергі келтіретін ешқандай оқиғалар жөнінде хабар түскен жоқ.