АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Киелі Мекке шаһарының әкімшілігі ораза айтта қала тұрғындары мен қонақтарының қамын ойлап, 193 саябақ пен саяжол дайындауға кірісіп кетті. Бұл жайында al-Arabiya басылымы хабар таратты.
Қала әкімшілігі әзірге саябақ пен саяжолға арналған аумақты анықтап, сумен қамтамасыз ету және бел жазып, аяқ суытатын орындарды әзірлеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Muslim.kz сайтының жазуынша, Ораза айттың құрметіне орай ашылатын саябақтың аумағы 70 мың шаршы метр жерді алмақ. Онда 286 балалар алаңы қарастырылған.
Осынау қасиетті көне шаһарда 226 мыңнан аса ағаш бар. Пальма ағашаның өзі 14 мыңнан асып жығылады екен. Сондай-ақ, 221 су көзі бар.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.