Меккеде әлемдегі ең үлкен сағат орнатылады

АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат - Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласында әлемдегі ең үлкен сағат орнатылған мұнара пайда болады.

Германиялық және швейцарлық инженерлер жобалаған бұл сағат Лондондағы Биг-Беннен 600 метрдей биік болмақ, деп хабарлайды РСН агенттігі.

Сағаттың циферблаты 43 шаршы метрді құрайтын болады, бұл көрсеткіш те Лондондағы сағаттан бірнеше есе үлкен. Ең үлкен сағат 8 шақырымдай жерден көзге түсетін болады. Ал мұнараға көтерілгісі келгендер, ол жерден төңіректі тамашалай алады.

Сағаттың ресми ашылу рәсімі тамыз айының орта шеніне белгіленіп отыр.