Меккеде кептелістен көз жұмғандардың саны 453-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының Мина жазығында кептеліс салдарынан қаза тапқан қажылық парызын өтеушілердің саны 453-ке жетті. Ал жарақат алғандар саны 719 адам делінген, корольдіктің азаматтық қорғаныс қызметі Twitter парақшасында жариялаған мәліметте.

Бұған дейін 310 адам өлгені, 631-і жарақат алғаны хабарланған еді, деп жазады РИА Новости.

Оқиға Мина жазығындағы қажыларға арналған шатырлы қалашыққа жақын маңда, Сауд Арабиясының азаматтарына арналған секторда орын алған.